ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

Зияткерлік көлік жүйесі

2014 жылғы 30 сәуір «СМЭУ Астана» ЖШС «Зияткерлік көлік жүйесі» пилоттық жобасын табысты бастады. Пилоттық аймақ Астана қаласында 42 бағдаршам объектісін қамтиды.

Жол қозғалысын басқарудың зияткерлік жүйесі SWARCO AG компаниясының саласындағы жетекші өндірушінің арнайы бағдарламалық қамсыздандыруды және жол қозғалысын ұйымдастыру және басқару бойынша жоғары технологиялық жабдықтың өзара байланысты кешенін білдіреді.Зияткерлік көлік жүйесінде көлік процестерінің қатысушыларына үлкен ақпараттығы мен қауіпсіздігін ұсынатын модельдеу саласындағы және көлік ағындарын басқарудағы соңғы инновациялық әзірленімдерді пайдаланады.

Көлік тетіктеріне және бейнебақылау камераларынан алынған барлық ақпарат Трафикті басқару орталығына түседі, онда арнайы бағдарламалық қамсыздандырудың көмегімен операторлар жолдағы жағдайды бақылайды және мониторинг жүргізеді.

 

Басқарудың зияткерлік жүйесімен жабдықталған бағдаршам объектілерінің картасы