МИССИЯ:
Қазақстан Республикасының барлық аумағында, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жол қозғалысын реттеу құралдары қызметі және құрылыс саласында инфрақұрылымды құру және дамыту, ілгері менеджмент және өндірісті және басқаруды тиімді ұйымдастыру.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР:
Нарықтық мақсаттар:
Тапсырыс беруші мен Тұтынушының тілектері мен талаптарына сай болатын, сенімді тауар Жеткізуші және жұмыстарды орындаушы ретінде Компания беделін жақсарту және тұрақты қолдау.
Өндірістік мақсаттар:
Жобаларды жүзеге асыру және қызмет көрсету кезінде жұмыстардың өз уақытында және сапалы орындалуы.
Ұйымдастырушылық мақсаттар:
Компанияның өнім және жұмыс сапасын арттыру бойынша қызметінің қоғамдық мойындалуы. Қазақстанның барлық аймақтарында компания қызметінің жаңа бағыттарын бағындыру.
Қаржылық мақсаттар:
Жұмыс көлемін ұлғайту және максималды пайда алу.
Сапа саласындағы мақсаттары:
ISO 9001-2016 ҚР СТ Сапа менеджмент жүйесін тұрақты қолдау және жетілдіру.
КОМПАНИЯ САЯСАТЫ:
Компания тұтынушылардың жеке талаптарын ескере отырып, жаңа технологияларды пайдалану және өндірістік процесстерді оңтайландыру есебінен өзінің өнімдерінің және қызметтерінің сапасын жақсартуда.
Компания ресурстарды және шығындарды оңтайландыру есебінен, сондай-ақ сапа менеджмент жүйесіне әсер ететін факторлардың өзгерісіне бірлескен реакцияның икемділігі және жылдамдығы есебінен құндылық жасауға қабілетті.
Компания және жеткізушілер арасындағы тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру мақсатына жету бойынша өзара тиімді әріптестік ұзақ мерзімді бірлескен қызметтің негізгі құндылығы болып табылады.
Шығарылатын өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің қолданыстағы ISO 9001-2016 ҚР СТ Сапа менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ аталған жүйені қолдау және тұрақты жетілдіру.
Сапа менеджменті жүйесі менеджменттің 7 принципіне негізделген:
- Тұтынушыға бағдарлану;
- көшбасшылық;
- жұмысшыларды қатыстыру;
- процесстік тәсілдеме;
- жақсарту;
- фактілерге негізделген шешімдер қабылдау;
- өзара қарым-қатынас менеджменті.
Басшылық Сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру кепілі бола отырып, міндеттенеді:
Сапа менеджмент жүйесінің нәтижесі мен тиімділігін үздіксіз арттыру кезінде ISO 9001-2016 ҚР СТ талаптарына сай әрекет ету.
Сапа саласындағы саясатты түсінуді қамтамасыз ету және барлық жұмысшыларды өндірілетін өнімнің/қызметтің сапасын қамтамасыз ету және жақсарту бойынша қатыстыру арқылы оның барлық деңгейде іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдау.
Аталған саясат компания қызметкерлерінің нарықтық жағдайда өмір сүру негізі ретінде Сапа саласындағы мақсаттарға жетудегі күштерін біріктіруге арналған.
«СМЭУ Астана» ЖШС-нің ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
«СМЭУ Астана» ЖШС басшылығы өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін ескере отырып, өндіріс кезінде қолданылатын және қосымша процесстерде жүзеге асырылатын, технологияның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өз міндетіне алады.
Біз өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, өндірістің техникалық жағдайының ұдайы жақсартумен шешіліп жатқан мәселелерге кешенді тәсілдемені қолдануға, жылу және электр энергиясын, табиғи қорларды орынды және тиімді пайдалануға кепілдік береміз.
Қоршаған ортаны қорғау «СМЭУ Астана» ЖШС қызметінің негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын аталған принципті Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына, қоршаған ортаға әсер етудің бекітілген нормативтеріне және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа талаптарға сай өндірістік қызметті іске асыру есебінен ғана емес, сондай-ақ:
- Øндірістік қызмет процесінде қоршаған ортаға зиянды әсер етудің алдын-алу;
- ØҚоршаған ортаны ластануды болдырмау және апаттық жағдайлардың болу мүмкіндігін жою;
- ØҚоршаған ортаға жүктемені үнемі азайту және табиғатты қорғау қызметі нәтижелерінің ұдайы жақсаруын қамтамасыз ету;
- ØӨндірістік экологиялық бақылау жүйесінің тиімді жұмыс жасауы;
- ØӨндіріс қалдықтарын оларды пайдаланудың және пайда болуының алдын-алудың басым бағыттарымен жарату жүйесін жетілдіру;
- ØЭкологиялық көрсеткіштердің жүйелі жақсартуға ұмтылу;
- ØРесурстарды тиімді пайдалану;
- ØКәсіпорынның экологиялық менеджментіне барлық қызметкерлерді қатыстыру;
- ØПерсоналдың ақпараттануын және біліктілігін арттыру.
Осы принциптерді сақтай отырып, «СМЭУ Астана» ЖШС бәсекелестерінің алдында қосымша артықшылықтарға ие болуға талпынатын болады, және кәсіпорынның тұрақты дамуына үлес қосатын болады.
Басшылық экологиялық Саясатты іске асырудың кепілі бола отырып, міндеттенеді:
- үрдістерді саралау, өзгерістерді ескеру және табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына, экологиялық менеджменттің халықаралық принциптеріне сай қажетті құжаттарды және процедураларды әзірлеу;
- Кәсіпорында жүргізілетін қызмет түрлерінің қоршаған ортаға әсерінің мерзімді объективті бағалауын жүргізу;
- Атмосфераға зиянды қалдықтардың үлесті шығарылысын және экологияны ластауды азайтуды көздей отырып, заманауи технологияларды енгізу және өндірістің бар процесстерін жаңғырту;
- Аумақтық органдармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және ресурстарды орынды пайдалану саласындағы уәкілетті органдарымен әріптестікті дамыту;
- барлық қызметкерлерді жұмысқа тарту арқылы, экологиялық саясат ұғымын түсінуді қамтамасыз ету үшін және оларды барлық деңгейінде жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қолдану.
Компания өз жұмысында ISO 14001-2016 ҚР СТ стандартының талаптарын сақтайды, аталған жүйені істеп тұрған қалпында сақтайды және оның тұрақты жақсаруы үшін жұмыс жасайды
Осы саясат экологиялық менеджмент саласындағы Мақсаттар мен міндеттерге қолжеткізуде барлық қызметкерлердің күшін біріктіруге, персоналға экологиялық білім беруге, нарықтық жағдайда өмір сүру шарты негізінде ұжымның әр мүшесінің қоршаған орта үшін мүдделігін және жеке жауапкершілігін қамтамасыз етуге арналған
«СМЭУ Астана» ЖШС МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ
Тапсырыс берушілер талаптарына бағыттала отырып, компания тиісті кәсіптік практиканың сақталуына, қозғалыстың, уақыт пен жиіліктің, геометриялық шамалардың өзгеруін тексеру бойынша жұмыс сапасының жоғарғы деңгейіне жетуге бағытталған. Негізгі міндет - біздің орындайтын жұмыстарымызды өлшеудің бірлігін және қажет етілетін нақтылығын қамтамасыз ету саласында ең қатаң сапа стандарттарына сәйкестендіру.
Бұл ретте, біз өз кәсіби қызметімізде халықаралық тәжірибеге, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, өлшеу құралдарын тексерудің пайдаланылатын әдістерін жетілдіріп және өз біліктілігіміздің қажетті деңгейін ұстай отырып, қойған мақсаттарымызға жетудеміз.
Тексеру зертханаларының қызметкерлері сапа бойынша құжаттармен таныс және өз қызметтерінде бекітілген саясаттың, стандарт талаптарын қатаң сақтайды, тексеру жұмыстарының менеджмент жүйесінің нәтижелігін жақсартуға қатысады.
Компания метрологиялық қызмет бағыттарын клиентке олардың қоятын талаптарына анағұрлым тиімді және орынды жұмыстың сапасын ұсынуға бағытталған өлшеудің сенімді, объективті және нақты нәтижелерін алу мақсатында тексерудің жоғары сапасын қамтамасыз ететіндей құрады. Біз клиенттерге жоғары өнімділікті тексеру жабдықтарын және тексерудің тиімді әдістерін пайдалану есебінен бәсекелі және қаржылық артықшылықтарды ұсынамыз.
Компания өз жұмысында, ИСО/МЭК МЕМСТ 17025-2009 талаптарын сақтайды, сондай-ақ өлшеулердің бақылануы және зертханааралық салыстыру саласында Ұлттық аккредиттеу орталығының саясатын қолдайды.