ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

«СМЭУ Астана» ЖШС директоры Самвелқызы Мона Османованың ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдында Шымкент қаласындағы «Зияткерлік көлік жүйесін енгізу» жобасының мәртебесі туралы баяндамасы.

2025 жылғы 11 сәуірде Президент Шымкент қаласына ресми жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Президент өңірдің бірқатар инфрақұрылымдық жобаларымен, оның ішінде «Зияткерлік көлік жүйесін енгізу» жобасымен танысты.

ЗКЖ - жол қозғалысын басқару жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуден (бұл біз авторы болып табылатын қазақстандық әзірлеменің инновациялық өнімі) және қаланың қиылыстарымен жарақтандырылатын әртүрлі типтегі детекторлық станциялардан тұратын бағдарламалық-аппараттық кешен.

Кешен үлкен қалалардағы көлік ағындарын зияткерлік басқару саласындағы әлемдік әзірлемелердің көпжылдық тәжірибесін біріктіреді.

Президент аталған іс-шаралардың өзектілігін атап өтті.

Біздің негізгі міндетіміз және іске асырылып жатқан іс-шаралар Шымкент қаласындағы көлік жағдайын жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Фотосурет: қоса беріледі.

БАҚ-тағы ақпарат бойынша сілтемелер:

- Қ.К. Тоқаевқа Шымкентте бағдаршамдарды басқарудың жаңа жүйесін көрсетті https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaevu-pokazali-novuyu-sistemu-upravleniya-svetoforami-567549/

- https://t.me/aqorda_resmi/23827

«Қазақстан Республикасының аумағында «FLIR ITS жабдығын жөндеу жөніндегі қызметтердің авторизацияланған жеткізушісі» мәртебесі берілді.

 

«Еңбек ұтқырлығы орталығының» алғыс хаты жұмыссыз азаматтарды қолдау бойынша Астана қаласы әкімдігінің

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 «СМЭУ Астана» ЖШС балаларды жол қозғалысы ережелеріне үйретуде тұрақты көмек көрсетеді

 «СМЭУ Астана» ЖШС компаниясы жолдарда балалардың қауіпсіздігін арттыру жөніндегі өз бастамасын жалғастыруда. Кәсіпорын тұрақты негізде балаларға жол қозғалысы ережелерін үйретуге қолдау көрсетеді, арнайы балалар жол белгілері мен демонстрациялық бағдаршамдарды ақысыз негізде дайындайды және ұсынады.

 Бұл бастама балалар үшін қауіпсіз орта құруға және олардың ерте жастан бастап жолдарда жүру ережелері туралы хабардар болуына бағытталған. Демонстрациялық материалдардың арқасында балалар жол қозғалысының негіздерін ойын түрінде біле алады, бұл тәуекелдерді азайтуға және олардың қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.

 «Біз балаларды жолда қауіпсіз жүріп-тұруға үйрету – бүкіл қоғам үшін маңызды міндет деп есептейміз. Сондықтан білім беру процесін анағұрлым көрнекі және тиімді ету үшін оқу орындары мен балалар орталықтарына арнайы жол белгілері мен бағдаршамдарды ұдайы беріп отырамыз», - деп түсіндірді «СМЭУ Астана» ЖШС компаниясының директоры.

 Компания осы бастаманы қолдайтын білім беру мекемелері мен серіктестеріне алғыс білдіреді және жолдардағы балалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін жаңа шешімдер әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыруда.

 «СМЭУ Астана» ЖШС

«2024 жылдың үздік серіктесі» дипломы

Тапсырыс беруші «Прогресс KZ» ЖШС біздің компанияны табысты ынтымақтастығы және бірлескен жұмыстағы жоғары кәсібилігі үшін 2024 жылдың үздік әріптесі дипломымен марапаттады.

 Біз басшылығымызды, ұжымымызды, компаниямызды мақтан тұтамыз, шын жүректен гүлденуді, кәсіби табыстарды, мықты денсаулық, бақыт пен игілік тілейміз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған!!!

Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Өтебаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай біздің қызметкерлеріміз Г.А. Гетингерге, С.А. Бортниковке, Л.Н. Шкуринскийге алғыс білдірді. Біз әріптестерімізді олардың ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегі үшін мақтан тұтамыз.

Өзіңіздерге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілеймін. Барша бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Мемлекеттік награда - «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІ

(За трудовое отличие)

 Біздің кәсіпорын атынан әрекет ететін басшы Османова Мона Самвеловнаға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен Мемлекеттік награда - «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалі (За трудовое отличие) табыс етілді!

 Біз қызметіміздің мемлекет деңгейінде жоғары бағаланғанын мақтан тұтамыз және Қазақстан қалаларының дамуына өз үлесімізді арттыруға тырысамыз!

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге арналған ауқымды іс-шараларға қатысқаны үшін!

 Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбек біздің қызметкерлеріміз А.А.Сексеновқа, Д.М. Досмаганбетовке V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге арналған ауқымды іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін, еліміздің халықаралық аренадағы имиджін нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолындағы жанкешті еңбегі үшін алғыс білдіреді.

Біз әріптестерімізді ел игілігі үшін қажымай еңбек еткенін мақтан тұтамыз.

Оларға зор денсаулық, бақыт, еңбекте табыс және отбасыларына амандық тілейміз!

БАЛАЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК!

 «СМЭУ Астана» ЖШС «Мектепке жол» акциясына қатысып, қоғамның әлеуметтік осал топтарының балаларына қайырымдылық көмек көрсетті.

Бізбен мектеп оқушыларына арналған сөмкелер мен қажетті кеңсе тауарлары сатып алынып, «KZ» қоғамдық қорының мекен-жайына жіберілді.