Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу құрметіне
Астана қаласының әкімі Ж.М.Қасымбек әріптестеріміз Д.К.Алдабергеновке және Д.М.Досмаганбетовке Астана күнін мерекелеуге арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен өткен саммитке және ауқымды іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін, Елордамыздың халықаралық қатынастары мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді!
Бүгінде елордамыз Астананың өсіп-өркендеуінде біздің әріптестеріміздің қажырлы еңбегі зор.
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!