ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

«ITS зияткерлік көлік жүйелері» стандарттау жөніндегі жаңа Техникалық комитеті құрылды


ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Канешев «ITS зияткерлік көлік жүйелері» стандарттау жөніндегі жаңа Техникалық комитетін құру туралы бұйрыққа қол қойды

 

 

Техникалық комитеттің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары негізінде жол қозғалысын ұйымдастыруды, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ жол қозғалысының қатысушылары және көлік процесінің әлеуеттік субъектілері үшін ақпараттық сервисті ұсынуды біріктіретін жиынтық жүйені құруды қамтиды.

 

Бұл жоба көлік ағынын басқаруды және бақылауды, диспетчерлендіруді, ақпараттандыруды, бейнебақылауды, жолаушыларды есепке алу жүйесін және электронды жол ақысын, қаланың кешенді көліктік сызбасын әзірлеуді және жаңартуды, жолаушылар көлігін модернизациялауды, автобус парктерін салуды біріктіреді.

 

«ITS зияткерлік көлік жүйелері» стандарттау жөніндегі жаңа Техникалық комитетінің құрамына «СМЭУ Астана» ЖШС, «Технодата» ЖШС, «Жаңа жобалар» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС, «Research and Development Solution» ЖШС, «Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын басқару» ММ, ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрліктің Көлік комитеті, «Қазақ стандарттау және сертификаттау институты» РММ, «ТК ҒЗИ» ЖШС кіреді.

 

Техникалық комитет жаңа форматта құрылды, ол мүдделі тараптармен жария талқылау негізінде құрылатын комитеттің болжалды стандарттау объектілерінің бағыты бойынша құру бойынша шешім қабылдауды қажет етеді.