ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

Бағдаршамның үздіксіз қоректендіру көзі (ҮҚК).

Қазіргі уақытта Нұр-сұлтан қаласында бағдаршам объектілерінде 37 үздіксіз қоректендіру көзі пайдаланылуда, олардың міндеті электр энергиясын беруді авариялық тоқтату кезінде (4 сағаттан 8 сағатқа дейін) бағдаршамдардың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету болып табылады. Бұл техникалық шешім өзін жақсы жағынан көрсетті және қаланың орталық қиылыстарында бағдаршамдарды жоспардан тыс ажырату фактілерінің санын айтарлықтай азайтты. Техникалық шешімнің негізі ретінде жетекші өндірушілерінің бірі VICTRON ENERGY жабдығы алынды. Айта кететіні, бұл жабдықтың өзіндік байланыс модемі бар және қалалық жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесімен (ЖҚБАЖ) біріктірілген, бұл диспетчер мен техникалық қызметкерлерге бағдаршам объектілерінің электрмен жабдықталу жағдайын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді.

1   2   3  
4 5   6