«АҚ ЖОЛАҚТА» қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары
SIGNFLASH жарықдиодты индикация жүйесі
SIGNFLASH жүйесі өтпе жолдың реттелмейтін жерүсті өткелдері аймағында «жаяу жүргіншілер» орнатылған белгісіне орнатуға арналған. Жаяу жүргіншілер өтпе жолдың күту аймағына келген кезде жүйе қосылады және тікелей өтпе жолда болған уақытта жұмыс істеп тұрады. Жүйенің жұмысы жоғары қарқынды сары түсті екі жарықдиодты көзі ауысып жану болып табылады. Жарық индикациясы жүргіншілер өтпе жолына жақындаған автокөліктің қозғалған жағына бағытталып, жүргізушілердің өтпе жолының осы бөлігіне қосымша назарын аудартады. Ол күн батареясынан қуат алуы мүмкін.
LEVELITE жарықдиодты индикация жүйесі
LEVELITE индикация жүйесі жаяу жүргіншілер белгісінің сызықтары алдында тікелей жол жабынына орнатуға арналған. Жүйе басқару блогының бақылауындағы диодты кескінге кіріктірілген жоғары интенсивті жарық дабылдамасының модулін білдіреді. Кескіні электрмен қоректендірудің қажетті деңгейімен қамтамасыз етілген диодты модульдің шексіз санынан құралуы мүмкін. Жарықдиодты модуль корпусының арнайы құрылымы үлкен статикалық және динамикалық жүктемені, соның ішінде жинау техникасының жүктемесін көтере алады. Басқару блогы тек ~220V көзінен қуаттандырылады.
SIGNFLASH және LEVELITE жарықдиодты индикация жүйелерінің құрамдасуы
Реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейі жарықдиодты индикацияның екі жүйесін құрамдастыру арқылы қолжеткізіледі. Бұл жағдайда SIGNFLASH белгісінің және LEVELITE кескінінің жарықдиодты сәулелендіргіштері, сондай-ақ олардың тәуелсіз жарық индикациясының да өзара байланысты синхронды жұмыс жасауы мүмкін.
Индикацияның екі жүйесінің тәуелсіз қосылуы
Бұл жағдайда әр жүйенің жұмысын жеке-жеке бағдарламалауға мүмкіндік беретін екі тәуелсіз басқару құралдарының болуы қажет. Осындай тәуелсіз басқарудың артықшылығы: - индикацияның екі жүйесі үшін жарықдиодтардың сәулелендіру қуатын тәуелсіз баптау; |
- екі жүйенің индикация жиілігін тәуелсіз баптау;
- SIGNFLASH жүйесінің жұмысынан тыс LEVELITE жүйесінің тұрақты индикациясының ықтималдығы.
Маңызды: ~220V көзі болуы қажет
Индикацияның екі жүйесін үйлесімді басқару
Бұл жағдайда LEVELITE индикация жүйесі тікелей SIGNFLASH жүйесінің басқару блогымен байланысқан. Осылайша, жарық индикациясын іске қосу өту аймағында жүргіншілер жолының тетіктері іске қосылған жағдайда ғана біруақытта болады. Екі жүйенің жылтылдау жиілігі сәйкес келеді. Күн батареясынан да, ~ 220V көзінен де қуаттандырыла береді. |