ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

«СМЭУ Астана» ЖШС 2003 жылдан бері Астана қ. бағдаршам объектілерін салуды, құрауды және қызмет көрсетуді іске асырады. 

Қаланың көше қиылыстарында FUTURLED-3 жарықдиодты бағдаршам бастиектері пайдаланылады, олар жарықтың жоғары күшін қамтамасыз етеді және кәдімгі қыздыру шамдары бар бағдаршам бастиектерімен салыстырғанда энергияны аз тұтынады.

IMG 4254

Шанағының симметриялы болуына байланысты бағдаршамда бөліктерді бағыттаушы нұсқағыштардың кез-келген санымен біріктіріп, тігінен немесе көлденең орналастыруға болады.

Svetofor

Бағдаршам бөліктері техникалық сипаттамасы және бағасы бойынша ажыратылатын бірнеше типтегі матрицаларымен жиынтықтауы мүмкін. Сондай-ақ арнайы әзірленген оптикалық жүйе бірқалыпты жарықты беруді, жасанды жарықты азайтуды, тұрақты жарықты және оптикалық шынының қолданыстағы түрлерімен үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Shkaf

Біріктірілген жол бақылаушысы жергілікті қиылыста, сондай-ақ жол қозғалысын орталық үйлесімді басқарудың жүйесіне кіретін қиылыста да бағдаршам белгілерін автоматты немесе қолмен басқаруды қамтамасыз етеді.

Астана қаласында қолданылатын SCAE 4040 жол бақылаушылары жол қиылысын басқарудың өнеркәсіптік компьютерімен біріктіріледі және КҚБАЖ операторының пәрмені бойынша шалғай басқару кезінде бағдаршам объектісінің қажетті жұмыс тәртібін қамтамасыз етеді.

Қаланың реттелетін көше қиылыстарында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және арттыру үшін бағдаршам белгісінің жануға қалған уақытын көрсету үшін кері есеп көрсеткіш тақтасы орнатылады. Көрсеткіш тақта бағдаршамның жасыл белгісінің жануға қалған уақытының, сондай-ақ бағдаршамның қызыл түсті белгісінің жануға қалған уақытын көрсету үшін де қолданылуы мүмкін.

Ortana-1   Swarco-countdown   Ortana-2

Бағдаршам бастиектері, кері есеп көрсеткіш тақтасы, жол белгілері анодтаған қабатпен жабындаған аллюминий тіреуіштерге орнатылады.

Алюминий тіреуіштер мына түрлерге бөлінеді:

1. Бағдаршамдық Г-тәрізді консоль. Тіреуіш диаметрі Ø225 конусты түзу бөлігінен және конусты доға тәрізді консольден тұрады. Консоль биіктігі 7 м құрайды.
2. Көлік бағаны, биіктігі 5 м. Көліктік бағдаршам бастиектерін орнатуға арналған.
3. Жаяу жүргіншілер бағаны, биіктігі 4м. Жаяу жүргіншілердің бағдаршамдық бастиектерін және кері есеп көрсеткіш тақтасын орнатуға арналған.

ROSA

Бағдаршам объектілерінде қолданылатын алюминий тіреуіштерінің кәдімгі болат тіреуіштермен салыстырғанда артықшылықтары  пайдалану уақытының ұзақтығы, құрастыру жеңілдігі, эстетикалық түрі, тоттануға қарсы қорғаныс, қозғалыс қатысушыларының пассивті қауіпсіздігі.

Алюминий тіреуішті басқан кезде автокөлік дәл сол немесе одан аз жылдамдықпен қозғалады, жүргізуші және жолаушылар үшін тіреуішке соғылудың ауыр салдарын болдырмайды.

Бағдаршам объектілеріне көлік ағынының өту жылдамдығын арттыруға септігін тигізетін бейне, инфрақызыл және КҚ анықтаудың ілмекті тетіктері орнатылады.

Бағдаршам объектілеріне орнатылатын барлық жабдықтар Қазақстан Республикасында сертификатталды және – 45-тен + 60-қа дейін температуралық режим кезінде ызғарлы климаттық жағдайда пайдалану үшін бейімделген.