ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

«СМЭУ Астана» ЖШС Қазақстан Республикасы аумағында Swarco Futurit компаниясы өндіретін ауыспалы ақпараттың жарықдиодты көрсеткіш тақтасын жеткізуді, құрастыруды, қолданысқа енгізуді және техникалық қызмет көрсетуді іске асырады.

Ауыспалық ақпарат жарықдиодты көрсеткіш тақталары және белгілері көлік ағынын қала желісінің басқа бос аймақтарына жедел қайта тарату мақсатында бағдар желісі бойынша қалыптасқан көлік жағдайы туралы қозғалыс қатысушыларын уақтылы ақпараттандырудың тиімді құралы болып табылады.

Ауыспалық ақпарат белгілерінің көмегімен жүргізуші автожолдың белгілі бөлігіндегі жылдамдық шектеуі, жол қозғалысының жағдайы, жүру бағдары бойынша жол көлік оқиғасы, маңызды объектілер мен паркингтердің орналасуы, айналып өту бағдарлары, сондай-ақ қозғалыс қатысушылары үшін қажетті басқа маңызды ақпарат жөнінде хабарландырылуы мүмкін.

Swarco Futurit компаниясының жарықдиодты белгілері кез келген жарықтандыру кезіндегі айқындығы жоғары көрінеді, ол қала жағдайында да, елді мекендердің аумағынан тыс жерде де қозғалыс қауіпсіздігі тұрғысынан өте маңызды.

Ауыспалы ақпарат белгілері бірнеше түрге бөлінеді:

  • Экранға шығарылатын символдардың шектеулі жиынтығы бар динамикалы белгілер. Әдетте, бұл жылдамдықты шектеу белгілері, ескерту белгілері, қозғалысты жолақтар бойымен бағыттау белгілері, реверстік бағдаршамдар және осы қозғалыс аймағы үшін сценарий бойынша алдын ала анықталған т.б. символдар.
  • Экранға шығарылатын динамикалы толық түсті (екі түсті) еркін бағдарламаланатын, символдар жиынтығы шектеусіз белгілер. Мұндай экрандарға сценарий жиынтығына тәуелсіз қозғалыс қатысушыларына қажетті кез келген ақпаратты шығаруға болады.
  • Тек қана мәтіндік ақпаратты шығаруға арналған, еркін бағдарламаланатын бір түсті немесе екі түсті жолық мәтіндік көрсеткіш тақталар.
  • Графикалық және сонымен қатар мәтіндік ақпаратты параллель шығаруға арналған екі бөлік: толық түсті және мәтіндік жол көрсеткіш тақтасынан тұратын құрамдастырылған көрсеткіш тақта.

Ауыспалы ақпараттың жарықдиодты белгілері түрлі типте және көлемде шығарылуы мүмкін.

Астана қ. ІІД ЖПБ «Тенгиз» РУБЕЖ бекетіндегі ауыспалы ақпарат белгілері

DSCN4744

VMS

«СМЭУ Астана» ЖШС SWARCO компаниясы өндіретін ауыспалы ақпараттың призмалы жол белгілерін жеткізуді, құрауды, қолданысқа енгізуді және ары қарай техникалық қызмет көрсетуді іске асырады.

Призмалық жол белгісі негізінде бір жазықтықта синхронды айналу арқылы үш түрлі кескінді жүйелі көрсете алатын айналатын үшбұрышты призма жүйесі жатыр.

Ауыспалы ақпараттың призмалық белгісі жеке мырышталған металл құрылысқа немесе ақпараттық-қалқанды жол белгілерімен жиынтықта орнатылады.

Trivision 1 Trivision