ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

«СМЭУ Астана» ЖШС-і қызметінің негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының ҚР СТ 1125-2002 «Жол белгілері. Жалпы техникалық шарттары» мемлекеттік стандартына сәйкес жол белгілерін жасау, орнату және қызмет көрсету болып табылады.

DSCN4761

Жол белгілерінің тіреуіштері қалыңдығы кемінде 1 мм болатын мырышталған болаттан дайындалады және полимерлі бояумен сұр түске боялады.

znak DSCN4842

Жол белгілерінің беткі жағын дайындау үшін «ЗМ» фирмасының жоғары жарықты шағылдыру әсеріне ие өздігінен жабысатын жарыққайтаратын үлдірі пайдаланылады. Белгінің тақтайшасында желден қорғауға төзімділікті қамтамасыз ететін жиектемесі бар.

DSCN4840

2011 жылдан «СМЭУ Астана» ЖШС-і жабық түрдегі белгілерді жасайды, онда барлық бекіту элементтері қалыңдығы 30 мм болатын тақтайша ішіне жасырылған. Бұл технология көзге көрінетін бекітусіз және дәнекер жіктерсіз эстетикалық түрдегі жол белгілерін жасау мүмкіндігін береді.

DSCN4838

Компанияның жол белгілерін сериялық өндіруге СТ-KZ сертификаты бар.